Орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған сауда-саттықтар

Сауда-саттық «КОREМ» АҚ кестесіне сәйкес жүргізіледі. Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін. Бағаны анықтау - үздіксіз қарсы сауда-саттық әдісі.
14:00 сағ.

Сауда-саттықтың ашылуы

Электр энергиясын сатып алуға өтінім беру

Сатып алуға өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғанға дейін сауда-саттыққа қатысушылар жаңа өтінім беру арқылы бұрын берілген өтінімді алып тастай немесе өзгерте алады. Сатып алуға өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін сауда-саттыққа қатысушылар бұрын берілген өтінімнің бағасын ғана өзгерте алады, бұл ретте өтінімнің көлемі өзгертуге жатпайды.

14:30 сағ.

Электр энергиясын сатуға өтінім беру

Сауда сессиясы барысында мәмілелер бағасы анықталады және «сатушы-сатып алушы» жұптарының тізімі жасалады

15:00 сағ.

Өтінімдерді қабылдауды бұғаттау

Сауда-саттыққа қатысушыларға сауда-саттық қорытындылары туралы хабарламалар жіберу

Сауда-саттық нәтижелері сауда-саттыққа қатысушыларға сауда сессиясы барысында көрінеді. Сауда-саттық қорытындылары бойынша сауда-саттыққа қатысушылар өз бетінше тікелей екіжақты шарт жасасады. Сауда-саттыққа қатысушылардың шартта электр энергиясының бағасын, электр энергиясын беру кезеңін өзгертуге құқығы жоқ.

Электр энергиясының орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған сауда-саттықтары жалпы қабылданған биржалық қағидаттар мен қазіргі заманғы интернет технологияларды қолдана отырып, арнайы электрондық сауда алаңында сауда-саттыққа қатысушылар арасында мәмілелер жасасуға арналған.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінім беру Интернетті пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған электр энергиясының сауда-саттығы орталықтандырылған сауда нарығының операторы бекіткен Қоғам сайтында орналастырылатын орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге арналған электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Орта және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған сауда-саттық нәтижелері бойынша оны жеткізу мерзімі кейінге қалдырылған тауарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беруге байланысты мәмілелер (электр энергиясын нақты жеткізуге бір жыл, бір тоқсан, бір ай, бір апта мерзімге форвардтық мәмілелер) жасалады.

Сауда-саттық қорытындылары бойынша:

1. Мәмілелер жасалатын электр энергиясын сатып алу (сату) бағасы;
2. Сатып алынған (сатылған) электр энергиясының көлемі;
3. «сатушы-сатып алушы» жұптарының тізімі.

Сатып алуға/сатуға өз өтінімдерін іске асырған қатысушылар сауда – саттық қорытындылары туралы хабарлама алады және өзара электр энергиясын сатып алу-сатудың екіжақты шарттарын дербес жасасады.