«Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Қызметтер

«КОРЭМ» АҚ электр энергиясы көтерме нарығының субъектілеріне қызметтің екі түрін көрсетеді:

  • Электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу
  • Сауда жүйесінің электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізуге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызмет

Электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметке кіретіндер:

  • «Бір күн бұрын» режимінде және «операциялық тәулік ішінде» күн сайынғы электр энергиясымен орталықтандырылған сауда саттықты ұйымдастыру және өткізу;
  • Орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге электр энергиясымен орталықтандырылған сауда саттықты ұйымдастыру және өткізу (аптаға, айға, тоқсанға және жылға арналған форвардтық мәмілелер);
  • Табиғат қорғау мақсатында суды жіберу кезеңінде гидроэлектр станциялары жүргізетін электр энергиясымен орталықтандырылған сауда саттықты ұйымдастыру және өткізу;
  • Спот-сауда саттықта электр энергиясын сатып алу-сату бойынша жасасқан мәмілелерді тіркеу және есепке алу;
  • Орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алынған-сатылған электр энергиясы үшін өзара есеп айырысуларды ұйымдастыру;
  • Орталықтандырылған сауда-саттықта жасасқан мәмілелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
  • Жүйелік оператормен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастырумен және өткізумен байланысты мәселелер бойынша өзара байланыста болу;

«КОРЭМ» АҚ-ның электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтерін орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушы - электр энергиясы көтерме нарығының субъектісі 2005 жылғы 30 қыркүйектегі Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторының тариф әдістемесін» бекіту туралы №261 бұйрығына сәйкес сауда жүйесінде тіркелген орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясын сатып алу/сату мәмілелері көлемдерінен 1 кВт*с-на (ҚҚС-сыз) 0,002 теңге мөлшерінде төлейді.

Сауда жүйесінің электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізуге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметке кіретіндер:

  • Электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізу үшін сауда жүйесін тұрақты жұмыс істейтін жағдайда ұстау;
  • ЭКН субъектілерінің электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысуы үшін өлшемдер мен талаптарға сәйкестіктерін анықтау;
  • ЭКН субъектілерін электр энергиясына орталықтандырылған сауда-саттықта қалыптасқан индикативті бағалармен және басқа да нарықтық ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • ЭКН қатысушыларымен сауда жүйесінде жұмыс істеу бойынша нұсқама жүргізу;
  • Электр энергиясы нарығына мониторинг;
  • Көтерме нарық субъектілеріне екі жақты шарттар жасасу бойынша ақпараттық жәрдем көрсету.

«КОРЭМ» АҚ сауда жүесінің электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық өткізуге дайындығын қастамасыз ету бойынша қызметі, 2015 жылғы 17 шілдедегі сауда жүесінің электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық өткізуге дайындығын қастамасыз ету бойынша қызметке жобаланған бағаны төмендету туралы №38-1826/9393 дәлелді қорытындысына сәйкес 2018 жылдың 1 мамырынан бастап электр энергиясы көтерме сауда нарығы субъектісі көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сату көлемінен 1 кВт*с-на 0,0033 теңге мөлшерінде төлейді.

«КОРЭМ» АҚ қызметтеріне тарифті есептеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтарды Сіз осы жерден көшіріп ала аласыз.



Сауда-саттық кестесінің күнтізбесі

Сауда-саттық нәтижелері
Наурыз 2019 2020
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар
max баға тг/кВт*сағ 7.410 6.300
min баға тг/кВт*сағ 6.000 6.000
Форвардтармен сауда-саттық
max баға тг/кВт*сағ 8.330 7.650
min баға тг/кВт*сағ 5.760 5.760
Сауда-саттық көлемдері (мың кВт*сағ)
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар 19 920 6 767
Форвардтармен сауда-саттық 3 674 496 70 560