Кәсіподақ жаңалықтары
«Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ қызметкерлері салауатты өмір салты мен спортпен шұғылдануға бейілділігін көрсетті.
2023 жылғы 14 мамырда Астана қаласының ботаникалық бағында бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ASTANA RUN CHALLENGE бірінші кезеңі өтті. 10 шақырым қашықтықтағы жарысты Қазақстан Республикасының Триатлон Федерациясы ұйымдастырды.
Іс-шараға елорданың 400-ге жуық тұрғыны мен қонақтары қатысты.
«ЭҚРҚО» АҚ Комплаенс-офицері Баймұратұлы Болат және Жобаларды дамыту және цифрлық трансформация секторының сарапшысы Сүлейменов Сайран қашықтықты жүгіріп өтіп, жарыста үздік нәтижелер көрсетіп, медальдармен марапатталды.
Жарыстың мақсаты - халықтың қалың жігін тарту және салауатты өмір салты құндылықтарын қалыптастыру.