Жаңалықтар архивы

23 қараша, 2023
126

Қазақстанда күн электр станцияларының құрылысына аукциондық сауда саттық басталды

1 Фото

2023 жылғы 23 қарашада жалпы белгіленген қуаты 20 МВт ҚР БЭЖ Батыс аймағы үшін күн электр станциясының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша ЖЭК аукциондық сауда саттығы өтті.

ҚР Энергетика министрлігі бекіткен КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2023 жылы 34.61 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 4 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 5 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 40 МВт құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 34.61-ден 34.19 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып компания – «Stellar Energy» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 20 МВт, аукциондық бағасы 34.19 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз) анықталды. Жобаны Батыс Қазақстан облысында орналастыру жоспарлануда.

Айта кетсек, ағымдағы жылы ҚР БЭЖ Батыс аймағы үшін күн электр станциясының құрылысына аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес Батыс Қазақстан облысында орналастырыла отырып, белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт бір аукцион айқындалып, ойнатылды.

Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен USAID өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі – «ЭҚРҚО» АҚ жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Келесі аукцион 2023 жылғы 24 қарашаға ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары үшін жиынтық белгіленген қуаты 200 МВт ірі ГЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы үшін жиынтық белгіленген қуаты 20 МВт КЭС түрі бойынша тағайындалды.

 

Аукциондық сауда-саттық қорытындылары туралы алғашқы жаңалықтар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:

Ресми сайт - https://www.korem.kz/     

Telegram - https://t.me/aokorem    

Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc  

Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/