Жаңалықтар архивы

21 қараша, 2023
139

Қазақстанда ЖЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша ағымдағы жылдың аяқтаушы аукциондық сауда-саттығы өтті

1 Фото

2023 жылғы 21 қарашада ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін ЖЭК жел энергетикалық станцияларының жобаларын іріктеу бойынша жиынтық белгіленген қуаты 100 МВт аукциондық сауда саттық өтті.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 5 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 4 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 310.001 МВт құрады.

Бастапқы шекті аукциондық баға 22.68 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Өтінімдердің баға диапазоны 22.68-ден 10.38 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін төмендеді.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып компания - «Хенгист» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 10.001 МВт, аукциондық бағасы 10.38 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) анықталды. Жобаны Абай облысында, ҚР БЭЖ Солтүстік аймағында орналастыру жоспарлануда.

Қуаттың қанағаттандырылмаған көлемі – 89.999 МВт құрады.

Байқаушылар ретінде «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ және USAID өкілдері қатысты. Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.

Айта кетсек, аукциондық сауда-саттықты өткізу Кестесіне сәйкес ағымдағы жылы жалпы қуаты 500 МВт болатын ЖЭС түрі бойынша 7 аукцион өткізілді. Өткен ЖЭС сауда-саттығының қорытындысы бойынша баға бастапқы бағадан екі еседен астам төмендетілді, ал ең төмен баға 10.38 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

 

Келесі аукцион 2023 жылғы 22 қарашаға ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары үшін шағын ГЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша белгіленген жиынтық қуаты 30 МВт тағайындалды.

 

Аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша алғашқы жаңалықтар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:

 

Ресми сайт - https://www.korem.kz/     

Telegram - https://t.me/aokorem   

Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc 

Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/