Салалық құзыреттер орталығы | «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Салалық құзыреттер орталығы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің электр энергетикасы саласындағы технологиялық құзыреттердің салалық орталығы туралы негізгі ақпарат

 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылғы 26 мамырдағы электр энергетикасы саласы мәселелері жөніндегі кеңесте берген салалық орталығын құру қажеттілігі туралы тапсырмасы бойынша, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярдың төрағалығымен бірге өткен кеңестің 2020 жылғы 4 қарашадағы №17-5/05-2543 Хаттамасының 4.1-тармағы негізінде және 2015 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 103-бабына сәйкес, министрдің 02.08.2021 жылғы № 253 бұйрығына сәйкес «КОРЭМ» АҚ базасында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің электр энергетикасы саласындағы технологиялық құзыреттердің салалық орталығы (ТҚСО) құрылды.

 ТҚСО-ның негізгі мақсаттары мен міндеттері:

1. ҚР электр энергетикалық кешенінің технологиялық дамуына ықпал ету.
2. ҚР Энергетика министрлігі қойған міндеттерді жүзеге асыру.
3. даму процестеріне тарту:

  • жетекші отандық және шетелдік сарапшылар;
  • сараптамалық ұйымдар;
  • халықаралық технологиялық компаниялар;
  • ғылыми-зерттеу ұйымдары;
  • қызметін жекелеген бағыттар бойынша жүзеге асыратын мамандандырылған құзырет Орталықтары.

 ТҚСО қызметі келесілерді қамтамасыз етуге арналған:

1. Мемлекеттік технологиялық саясаттың сабақтастығы.
2. Жүктелген міндеттер шеңберінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласы туралы ақпаратты жинақтау, жүйелеу және тарату.
3. Ғылым мен технологияларды дамытуға және/немесе жәрдемдесуге бағытталған іс-шараларды іске асыру.
4. Тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын арттыру, электр энергетикасы үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жаңа өндірістерін дамыту және құру, сондай-ақ электр энергиясының құнын қысқарту.

 ТҚСО функциялары:

1. инновациялық саясатты әзірлеуге және іске асыруды ұйымдастыруға және электр энергетикасы субъектілерін, тұтынушыларды, ғылыми және білім беру ұйымдарын, отандық өндірушілерді, инвесторларды және мемлекеттік құрылымдарды үйлестіруге қатысу;
2. жетекші жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, электр энергетикасы саласындағы жетекші отандық кәсіпорындардың және мемлекеттік құрылымдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
3. зияткерлік меншік және инновациялар саласындағы саясаттардың келісімділігін қамтамасыз ету;
4. салалық технологиялық дамуды ілгерілету, ең озық қолжетімді технологиялар трансфері, құзыреттерді арттыру, саланың инновациялық және ғылыми-техникалық дамуының стратегиялық көрінісін тұжырымдау үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігері мен ресурстарын біріктіру;
5. қызметкерлер мен кәсіп құзыреттерінің күтілетін өзгерістерін айқындау, стандарттар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысу арқылы саланы кадрлармен қамтамасыз етілуіне жәрдемдесу;
6. мамандандырылған құзырет орталықтарының, ахуалдық талдау орталығының және энергетика саласындағы жобалау жұмыстарына қатысатын халықаралық әріптестердің жұмысын үйлестіру;
7. жобаларды іске асыруды ақпараттық және әдіснамалық қолдау;
8. ҚР ЭМ қойған KPI-ді орындау және бағалау жүргізу үшін қабылданатын шаралар туралы есептерді тұрақты ұсыну. 

ТҚСО арнайы сайты әзірлену сатысында. Толық ақпарат кейінірек жарияланады.



Сауда-саттық кестесінің күнтізбесі

Сауда-саттық нәтижелері
Қыркүйек 2020 2021
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар
max баға тг/кВт*сағ 8.300 9.500
min баға тг/кВт*сағ 8.300 8.650
Форвардтармен сауда-саттық
max баға тг/кВт*сағ 7.950 11.580
min баға тг/кВт*сағ 5.760 1.460
Сауда-саттық көлемдері (мың кВт*сағ)
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар 6 720 127 176
Форвардтармен сауда-саттық 86 112 265 080