Кәсіподақ жаңалықтары

17 мамыр, 2024
106

«KOREM» АҚ қызметкерлері «Қарыссыз қоғам» жобасы бойынша оқыту курсынан өтті

1 Фото

2024 жылғы 13-17 мамыр аралығында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде AMANAT партиясы іске асыратын «Қарыссыз қоғам» жобасы бойынша оқыту курсы өтті.

«KOREM» АҚ-ның бірқатар қызметкерлері жеке бюджетті басқару бойынша оқытуға қатысып, бес күндік оқыту қорытындысы бойынша сертификаттар алды.

«Қарыссыз қоғам» жобасы азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған қаржылық сауаттылықты арттыруға халыққа жәрдем көрсету қажеттілігінен туындады.

Оқу курсының қорытындысы бойынша тыңдаушылар өздерінің қаржысын, отбасылық бюджетін басқару дағдыларын игерді және дәйекті қадамдар мен әрекеттер арқылы кредиттер бойынша қарыздар сомасын барынша азайтты, бар берешектерді өтеу үшін бос қаражаттың кейіннен өсуімен өз шығындарын оңтайландыруды үйренді.