Кәсіподақ жаңалықтары
Келесі кезекте Айжан Мұхамедьярова жаңа қызметкерлермен танысу эстафетасын қабылдайды және жалғастырады.
Айжан «ЭҚРҚО» АҚ Нарықты дамыту департаментінің қызметтерді дамыту секторының менеджері болып жұмыс істейді, 2023 жылғы 3 тамызда жұмысқа кірісті. 2008 жылы Астана қаласында С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-де инженер дипломын алды.
2010-2013 жылдары «Астана-АЭК» АҚ-да жұмыс істеді, кейінгі жылдары бала күтімі бойынша декреттік демалысқа кетті. Айжан үш баланың анасы. Декреттік демалыстың соңында ол жұмыс іздеуге кірісті. Сұхбаттан сәтті өткеннен кейін біздің компанияға келді. Айжан «ЭҚРҚО» АҚ-на жұмысқа түскеніне қуанышты және барлық әріптестеріне жылы қабылдағаны, жұмыстағы жауаптылығы мен көмегі үшін алғысын білдіреді.
Хобби тек тыныштық пен демалуды әдісі ғана болмай, сонымен қатар қосымша табыс табудың пайдалы түрі болуы мүмкін. Біздің кейіпкеріміз соңғы екі жылда «Инь-Ян» трансформациялық ойынын өткізумен айналысады. Бұл энергиямен толтырады, ең бастысы, клиенттерге ойларын өзгертуге және сұрауларына жауап алуға көмектеседі. Осы хоббидің арқасында Айжан психологияға келді, жаңа нәрсені оқып, үйренуді ұнатады.
Құрметпен,
Калибекова Камила!
(Әкімшілік департаменті)