«Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Сала жаңалықтары

02 шілде, 2019
1674
1 Фото

Созақ ауданында күннен қуат алатын электр станциясының қазығы қағылды

1 Фото

Бүгін Созақ ауданында күннен электр энергиясын өндіретін жобаның алғашқы қазығы қағылды.

Қуаты 50 МВт өндіретін «Күн электр станциясының құрылысы» жобасын «ЮКСЕС 50» ЖШС қолға алып отыр. Күннен қуат алатын электр энергиясыны жобасының қазығын қағу рәсіміне Созақ ауданы әкімі Салыхан Полатов, «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы АҚ аймақтық директоры Даулетқожа Мамыров, «Risen Energy» компаниясының бас менеджері Чампион Юань қатысып, сөз сөйледі. 
«Бүгінде қауіпсіз энергия көздерін дамыту еліміз үшін маңызды міндеттердің бірі. Ол үшін Үкімет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалуда. Осы орайда Созақ ауданында энергетикалық кешенді дамыту үшін үлкен жобаны іске асырғалы отырмыз. Аталған істің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 100-ге тарта адам тартылады»- деді аудан әкімі. 
Жаңа жоба - шын мәнінде атап айтуға тұрарлық айрықша құнды бастама. 60 миллион доллар құрайтын жобаны еліміздің «ЮКСЕС 50» ЖШС жүзге асырады. Жобаға Қытайдың «Risen Energy» компаниясы инвестиция салып отыр. 
Мемлекеттік қолдау көрсетіліп, құрылысқа қажетті 125 гектар жер телімі берілді. Станцияға осы заманғы озық үлгідегі құрал-жабдықтары қойылады. Нысан келер жылдың басында пайдалануға беріледі. Жоба толық қуатында жұмыс істей бастаған кезде тұрақты 30 жұмыс орны ашылады.



Сауда-саттық кестесінің күнтізбесі

Хабарландыру
10 маусым, 2020
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ҚОСЫМША САУДА-САТТЫҚ!

Құрметті электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысушылар! 2020 ж. 3 тоқсанына жеткізумен электр энергиясының қосымша орталықтандырылған сауда-саттығы  2020 ж.  24 және 25 маусымында өткізілетіндігі туралы хабарлаймыз.

Сауда-саттық нәтижелері
Шілде 2019 2020
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар
max баға тг/кВт*сағ 7.100 0.000
min баға тг/кВт*сағ 5.800 0.000
Форвардтармен сауда-саттық
max баға тг/кВт*сағ 5.760 1.100
min баға тг/кВт*сағ 1.100 1.100
Сауда-саттық көлемдері (мың кВт*сағ)
«Бір күн бұрын» режимінде спот сауда-саттықтар 13 964 0
Форвардтармен сауда-саттық 223 200 103 920