Жаңалықтар

15 шілде, 2021
474

«KOREM» АҚ сауда алаңында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобаларды іріктеу бойынша Қазақстан Республикасында алғашқы аукциондық сауда-саттық сәтті өткізілді

1 Фото

Ағымдағы жылғы 15 шілдеде біздің еліміздің тарихында алғаш рет жиынтық қуаты 100,8 МВт ҚЭКЖ қалдықтарын энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша халықаралық аукциондық сауда-саттық өткізілді.

2020 жылы Қазақстанда қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату үшін ынталандыру шараларын көздейтін алғашқы заңнамалық бастамалар қабылданды. Өзгерістер Қазақстан Республикасының экология және энергетика саласындағы заңнама нормаларын қозғады, олар қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) энергияға қайта өңдеу арқылы WASTE-TO-ENERGY жобасын іске асыру мүмкіндігін болжайды. Оларды өртеу бойынша әлемде бар технологиялар қоршаған орта үшін қауіпсіз болып табылады.

Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату (ҚЭКЖ) бойынша жаңа сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру және қалдықтармен жұмыс істеудің тұтас инфрақұрылымын құру мақсатында жаңартылатын энергия көздері саласында қолданыстағы ұқсас механизмді пайдалану көзделген. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату (ҚЭКЖ) жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық механизмін қолдану бәсекелестік өріс құруға, бағаларды төмендетуге және неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге мүмкіндік береді.

Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда - саттық өткізу үшін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аукциондық сауда-саттыққа елді мекендер бойынша бөлінген, сатып алынатын белгіленген қуаттың жиынтық көлемі – 100,8 МВт (Нұр–Сұлтан қ. – 21,1 МВт; Алматы қ. - 33,3 МВт; Ақтөбе қ.– 10,9 МВт; Өскемен қ. – 4,5 МВт; Шымкент қ. – 15,2 МВт; Қарағанды қ.-15,8 МВт).

Сауда жүйесінде айына 191,9 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) сомасындағы шекті аукциондық баға пайдаланылды, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 103 бұйрығымен бекітілген.

Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушыдан 191,9 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) бағасымен өтінім тіркелді. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу Қағидаларының 60-17 тармағына сәйкес аукциондық сауда-саттыққа қатысушы 172,71 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) бағасы бойынша офертаны қабылдады. Осыған байланысты аукциондық сауда-саттықтың баға ауқымы 191,9 теңгеден 172,71 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша келесі компания жеңімпаз болып анықталды:

  • «Waste2Energy» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 100,8 МВт, аукциондық бағасы 172,71 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз).

Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату (ҚЭКЖ) жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша осы аукциондық сауда-саттықта аукциондық бағаның бекітілген шекті аукциондық бағадан 10% - ға төмендеуі тіркелді.