Жаңалықтар

17 қыркүйек, 2019
502

2019 жылғы 17 қыркүйектегі 10 МВт жиынтық белгіленген қуаты бар ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары

1 Фото

2019 жылдың 17 қыркүйегінде өткен 10 МВт белгіленген жиынтық қуаты бар ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукцион... 

2019 жылдың 17 қыркүйегінде өткен 10 МВт белгіленген жиынтық қуаты бар ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукцион Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары 51-тармағының 1-тармақшасында көрсетілген шарттарға сәйкес өткізілмеді, себебі сатуға берілген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдердің белгіленген қуатының жиынтық көлемі белгіленген қуатының сұраныс көлемі 130%-дан кем болды. 

Қорытындылары бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпазы анықталған жоқ.

Келесі аукцион 10 МВт белгіленген жиынтық қуаты бар БиоЭС түрі бойынша 18/09/2019 күніне белгіленген.

Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілі бақылаушы ретінде қатысты. Бақылаушы аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционның ұйымдастырушысы - «КОРЭМ» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының айқындылығы расталды.

 

Анықтама ретiнде:

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 19.03.2019 ж. №97 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес 2019 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 255 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:

- күн электр станциялары – 80 МВт;

- жел электр станциялары - 100 МВт;

- гидроэлектр станциялары – 65 МВт;

- БиоЭС - 10 МВт.

Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.