Жаңалықтар

18 шілде, 2019
680

2019 жылғы редакциядағы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру жөніндегі инвесторларға арналған нұсқаулық

1 Фото

2019 жылы ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізуге дайындық ету мақсатында халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің (USAID) қаржыландыруымен «Болашақ энергиясы» өңірлік бағдарламасы шеңберінде Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру жөніндегі инвесторларға арналған нұсқаулық әзірленді (2019 жылғы редакция). Осы нұсқаулық аукциондық сауда-саттыққа қатысудан бастап ЖЭК объектісін электр желісіне қосқанға дейін Қазақстан Республикасында ЖЭК салу жобасын іске асыруға байланысты барлық мәселелерді қамтиды.

Нұсқаулық 2019 жылы Қазақстан Республикасындағы ЖЭК секторының жұмыс тәртібін регламенттейтін Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып әзірленді.

Осы нұсқаулықты әлеуетті инвесторлар мен Қазақстан Республикасындағы ЖЭК секторының дамуына қызығушылық танытатын барлық тұлғалар үшін ұсынамыз.