Жаңалықтар

22 сәуір, 2019
650

«Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергетика секторын дамыту...

1 Фото

«КОРЭМ» АҚ кәсіподағының оқу орталығы «Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергетика секторын дамыту. ЖЭК секторына инвестициялау ерекшеліктері.

ЖЭК объектілерін салу бойынша жобаларды іріктеу. Нарық субъектілерінің қаржы-есеп айырысу орталығымен өзара әрекеттесу. ЖЭК секторын даму перспективалары» атты 2019 жылы 22 маусымда Нұр-сұлтан қаласында өтетін семинарға шақырып отыр (бұдан әрі – Семинар).

Осы семинардың мақсаты Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергетика секторының жұмыс істеу ерекшеліктерін түсіндіру және электр энергиясы нарығындағы ЖЭК объектілерінің жұмысы істеуі болып табылады.

Семинар барысында сіз:

  • Қазақстан Республикасы энергия жүйесінің жұмысы туралы жалпы ақпаратты ала аласыз,
  • ЖЭК секторын дамытуды қолдау жөніндегі заңнамалық базасы, ЖЭК секторына инвестициялар тарту тетіктері бойынша мәселелерді түсіндіру;
  • 2019 жылғы жағдай бойынша іріктеу жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістерді қоса алғанда, ЖЭК жобаларын іріктеу тәртібімен танысыңыз;
  • сатып алу шартының (РРА) мазмұнын, оның ерекшеліктері мен сатушыларға кепілдігін, резервтік қорды қалыптастыруды және ЖЭК тарифтерін индекстеуді жүргізу тәртібін қоса алғанда, ЖЭК қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының жұмыс жасау ерекшеліктерімен танысыңыз;
  • ЖЭК электр энергиясын шартты тұтынушыларға тарату тәртібімен танысыңыз;
  • ЖЭК секторын дамытудың проблемалық мәселелерімен және осы саладағы табысты жұмыс тәжірибесімен танысыңыз.

Семинар Қазақстанның электр энергетикалық секторында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын және жоспарлайтын қазақстандық және шетелдік компанияларға, жаңартылатын энергетиканы дамыту, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі принциптерін алға жылжытатын ұйымдарға, сондай-ақ электр энергетикасы саласының мүдделі мамандарына арналған.

Осы семинардың лекторлары, осы тақырыпқа тікелей қатысты және электр энергетикасы саласындағы көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің білікті өкілдері –  Айнур Соспанова, жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры, Ахметова Замира «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС және Салханов Ержан «Электр энергиясы мен қуаты рыногының Қазақстандық операторы» АҚ болады.

Семинар орыс тілінде өткізілетін болады. Қажет болған жағдайда семинарға қатысушыларға ағылшын тіліне ілеспе аударма ұсынылады.

Бір адамның семинарға қатысу құны ҚҚС есептемегенде 100,000.0 (жүз мың) теңгені құрайды. 

Оқытудығ аяқталғанынан кейін семинарда белгіленген үлгідегі Сертификат беріледі.

Семинар өткізілетін күніне дейін сіз өз сұрақтарыңызды электрондық мекен-жайға жібере аласыз: Esengazieva@korem.kz. Берілген сұрақтарға жауаптар дайындалып, семинар бағдарламасына қосылатын болады.

Өткізу мекенжайы: Нұр-сұлтан, Балкантау көш., «Казжол Астана» бизнес-қонақ үйі.

«Қазжол Астана» бизнес-қонақ үйі тұру бойынша семинарға қатысушылар үшін арнайы бағалар ұсынылатын болады. Қонақ үйде нөмірлерді брондауды семинарға қатысушылар өз бетінше жүзеге асырады. Брондауды алдын ала жүзеге асыруды сұраймыз!

Егер Сіздің компания семинарға қатысуға мүдделі болса, қоса берілген өтінімді 2019 жылдың 18 маусымына дейiнгi мерзiмде esengazieva@korem.kz электрондық пошта арқылы толтыруыңызды сұраймыз.

Семинар өткізуге қатысты барлық мәселелер бойынша қосымша ақпаратты Сіз төмендегі телефондар арқылы ала аласыз:

+7(7172) 690-752, +7(747)146-78-09 Есенгазиева Айгуль (орыс),

+7 (7172) 690-747, Макибаев Даурен (ағылш.),

+7(7272) 272-393, +7(777) 036-79-13 Мамырбаева Молдир (қонақ үйде бөлмені брондау мәселелері бойынша, орыс/ағылш.).

Өтінім бланкісі