Жаңалықтар

05 желтоқсан, 2018
1003

Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді

Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 226 бұйрығы негізінде «Электр энергиясы мен қуаты рыногының Қазақстандық операторы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «КОРЭМ» АҚ) орталықтандырылған сауда нарығының операторы болып айқындалды.

2018 жылғы 5 желтоқсанда ҚР БЭЖ-нің Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, «КОРЭМ» АҚ-ның сауда алаңында ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу үшін Бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «КОРЭМ» АҚ-ға мынадай бастапқы параметрлерді ұсынды:

  • ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатына болжамдық сұраным – 4 822,8 МВт, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша – 3 406,7 МВт және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша - 1 416,1 МВт;
  • ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр тарату желілерінің өткізу қабілетінің көлемі – 900 МВт;

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке шекті тариф – 590 мың тг/МВт.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына 28 энергия өндіруші ұйым қатысты.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтар бойынша сатылған қуаттардың жалпы көлемі - 4 679,7 МВт құрады, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша – 3 406,7 МВт және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша – 1 273 МВт. Сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер саны – 28. Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша орташа бағасы ҚҚС-сыз айына 539,33 мың тг/МВт құрады.

Энергия өндіруші ұйымдардың сауда жүйесіне берілген өтінімдерінің жиынтық көлемі 6 805 МВт құрады.

ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетінің шектелуіне байланысты ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша сатып алынатын қуаттың қанағаттандырылмаған көлемі 143,1 МВт құрады.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерімен Сіз осында таныса аласыз (мәмілелер тізілімі).

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, «ҚЭҚ» ЗТБ, «KEGOC» АҚ және «ҚЕАО» ЖШС, «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО өкілдері қатысты. Бақылаушылар орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторы – «КОРЭМ» АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.