Сала жаңалықтары архивы

25 сәуір, 2022
316

ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері Қызылорда жылу электр орталығына барды

1 Фото
Қолданылған материалдар:

2022 жылғы 22 сәуірде ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды.

Жұмыс сапары барысында ҚР энергетика министрлігінің және Қызылорда облысы әкімдігінің өкілдері Қызылорда ЖЭО-да болып, энергетикалық кешеннің ағымдағы жағдайымен танысып, станцияны аралап щықты.

Станцияны аралаудан кейін облыстың энергетикалық кәсіпорындары өкілдерінің қатысуымен жылу орталығының ағымдағы жағдайы және алдағы жылу беру маусымына сапалы дайындық барысы туралы жиналыс өтті. Сондай-ақ, жиналыс барысында электр қуаты 240 МВт болатын жаңа бу-газды қондырғысының құрылысы және КОГТЭС-те қолданыстағы газтурбиналық қондырғыларды ауыстыру бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, аймақтық электр желілері мекемесі басшысының кәсіпорынның ағымдағы қызметі, оның ішінде жүргізілген күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының көлемі туралы есебі тыңдалып, бірқатар өзекті мәселелер мен қызметкерлердің еңбекақысын арттыру мәселелері талқыланды.

Жиналыс қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар өзекті мәселелерді шешу және қойылған міндеттерді орындау бойынша тапсырмалар берілді.