Сала жаңалықтары архивы

25 наурыз, 2022
302

2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерім туралы

1 Фото
Қолданылған материалдар:

25 наурызда ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінде 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерім туралы айтып өтті.

Брифинг барысында Болат Ақшолақов Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2035 жылға дейінгі энергетикалық теңгерім әзірленгенін, оның шеңберінде электр энергиясын өндіру мен тұтынудың болжамды мәндерін, жаңа өндіруші қуаттарды іске қосудың қажетті көлемі мен құрылымын есептей отырып, энергетикалық кешенді дамытуды модельдеу орындалғанын атап өтті.

2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну шамамен 153 млрд. кВт сағатты құрайды. Бұл ретте бірқатар объективті себептер бойынша (пайдаланудан шығару, тозудың ұлғаюы, экологиялық санкциялардың ұлғаюы) қазіргі уақытта жұмыс жасап тұрған энергия көздерін генерациялау төмендеді және 89 млрд кВтсағ-тан кем болады.

Қолданыстағы энергия көздері халықтың және экономиканың электр энергиясына болжамды қажеттіліктерін өтей алмайтынын ескере отырып, 2035 жылға қарай электр жүктемелерін жабу үшін жаңа өндіруші қуаттарды жаппай енгізуді қамтамасыз ету талап етіледі, олардың негізгілері төмен көміртекті генерация көздері, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалану жөніндегі объектілер болып табылады.

Сонымен қатар генерациялау секторына экологиялық әсерді төмендету бойынша, оның ішінде парниктік газдар шығарындыларын азайту (2030 жылға қарай шығарындыларды 1990 жылғы деңгейге қарағанда 15%-ға төмендету), 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша қабылданған міндеттемелер бойынша бірқатар факторлар әсер ететінін атап өту қажет.

Елдің энергия жүйесінің тұрақты жұмысы үшін базалық генерацияны енгізу қажеттілігі, белгіленген қуатты пайдалану коэффициентінің төмен көрсеткіші және ЖЭК генерациясының тұрақсыздығы, көміртегі бейтараптығының әлемдік күн тәртібі және Қазақстанның парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелері Қазақстанда қауіпсіз және тұрақты атом энергетикасын дамыту қажеттілігіне итермелейді.

Осыған байланысты энергия теңгерімі дәстүрлі және ЖЭК қуаттарын өсірумен қатар АЭС-тен генерацияны енгізу сценарийін қарастыруда.

Мамандардың бағалауы бойынша 2035 жылға қарай іске қосуға қажетті жаңа энергетикалық қуаттардың құрылымы мынадай болуы мүмкін:

- 5 кВт-тан астам газ өндіру;

- 2 ГВт-тан астам гидроэлектр станциялары;

- 1,5 ГВт көмір генерациясы;

- 6 ГВт астам жаңартылатын энергия көздері;

- 2 ГВт астам атом генерациясы.

Бұл энергия жүйесінің шектес мемлекеттердің энергия жүйелерін реттеуден тәуелсіздігін қамтамасыз ете отырып, базалық та, реттеу де қуатының тапшылығын жабуға мүмкіндік береді.

ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі