Сала жаңалықтары архивы

15 қыркүйек, 2022
452

Алматыда таза энергетика бойынша Орталық Азия форумы басталды

1 Фото

13-15 қыркүйекте АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен таза энергетика бойынша Орталық Азия форумы өтті.

Қазақстаннан ҚР Энергетика министрлігі, Табиғи монополияларды реттеу комитеті, «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы” АҚ (ЭҚРҚО), KAZENERGY Қауымдастығы, Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы, «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ (KEGOG) белсенді қатысты.

Форумның негізгі мақсаты Орталық Азия өңірі елдерінің энергетикалық секторды дамыту, өзінің энергетикалық жүйелерінен көмірқышқыл газының шығарылуын азайту және климаттың өзгеруіне бейімдеу бойынша қабылданған қадамдары мен мәселелерін, сондай-ақ өңірлік электр энергиясы нарығын құру мәселелерін талқылау болды.

Форум барысында Орталық Азия электр энергиясы нарығының мәртебесі талқыланды. Талқылау барысында сауданың артықшылықтары, жаһандық және жергілікті пайданы барынша арттыру тәсілдері, нарықтардың рөлі, қосымша қызметтер мен инфрақұрылымды қаржыландыруды қоса алғанда, жаңа бағыттарды пысықтау белгіленді.

«ЭҚРҚО» АҚ Басқарма Төрағасы Қ.Рахимов панельдік сессияда сөйлеген сөзінде электр энергиясының өңірлік нарығын іске қосу мәселелерінде туындауы мүмкін кедергілер мен проблемаларға көп көңіл бөлінетінін, ал практикалық іске асыру тетіктеріне назар аудару қажеттігін атап өтті. Өңірлік нарықты іске қосу экономикалық, әлеуметтік және техникалық сипаттағы кедергілерге тап болады, проблеманың басты тамыры өңір елдеріндегі тарифтер деңгейінің айырмашылығында болып отыр.

Панельдік сессия барысында ЭҚРҚО өз алаңында «бір күн бұрын» электр энергиясының орталықтандырылған саудасын іске қосуды ұсынды, бұл елдердің энергия жүйелеріндегі қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануға және елдердің энергия нарығының ойыншылары (сатушылар мен сатып алушылар) үшін тең мүмкіндіктер беруге мүмкіндік береді.

Жалпы форум, бүгінгі күні сала алдында тұрған маңызды аспектілер мен мәселелерді қарау және талқылау үшін табысты платформа болды.