Жаңалықтар архивы
Маневрлік генерациялау режимімен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу бойынша аукциондық сауда-саттықтың нәтижесі
2024 жылғы 23 тамызда сағат 12:00-де «KOREM» АҚ сауда алаңында ҚР БЭЖ-нің Батыс аймағы (Атырау облысы) үшін маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы №73 бұйрығымен бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтің көлемі 250 МВт, шекті аукциондық бағаның шамасы – айына 16 299 800 тг / МВт құрады.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 4 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 43 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 850 МВт құрады.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып «STERNA power» ЖШС анықталды, көлемі – 250 МВт, бағасы - 10 094 000 тг/МВт*ай (ҚҚС-сыз).
Атырау бу-газ қондырғысын пайдалануға берудің күтілетін кезеңі - 2028 жыл.
Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KAZENERGY» ЗТБ, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Байқаушылар аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.
Аукциондық сауда-саттық қорытындылары туралы алғашқы жаңалықтар сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады:
Ресми сайт - https://www.korem.kz/
Telegram - https://t.me/aokorem
Facebook - https://www.facebook.com/korem.jsc
Instagram - https://www.instagram.com/korem_kz/