Жаңалықтар архивы

18 тамыз, 2022
307

«ЭҚРҚО» АҚ алаңында аукциондық сауда-саттық бойынша онлайн-вебинар өтті

1 Фото

2022 жылғы 17 тамызда «ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда – саттық» тақырыбында онлайн-вебинар өткізілді.

Вебинарды «ЭҚРҚО» АҚ, «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ, «ЖЭК қолдау жөніндегі РФО» ЖШС, ЕҚДБ қолдауымен ҚР Энергетика министрлігі ұйымдастырды.

Вебинардың мақсаты ағымдағы жылы Қазақстанда ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жүйесін түсіндіру болды.

Вебинарда ҚР Энергетика министрлігінің, «ЭҚРҚО» АҚ, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС, ЕҚДБ өкілдері спикер болды:

- ҚР ЭМ ЖЭК департаментінің директоры Абай Құланбай қатысушыларды "ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидалары" новеллаларымен, компанияның қызметімен және жобалар шеңберінде инвесторларға көрсетілетін қолдау шараларымен таныстырды.

- «ЭҚРҚО» АҚ нарықтарды дамыту департаментінің директоры Ақнұр Шағырбаева, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС өкілі Мадияр Сапарғалиев аукциондық сауда-саттықты өткізу процесін түсіндірді және қаржылық қамтамасыз ету түрлеріне, шарттарға, құжаттарды дайындау мерзімдеріне, есептілікке қатысты мәселелерді ашты.

- ЕҚДБ өкілдері 2022 жылғы жобалық аукциондардың құжаттамасымен танысты.

«ЭҚРҚО» АҚ вебинардың барлық қатысушыларына қатысқаны және қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдіреді!

Келесі вебинар 2022 жылдың 7 қыркүйегіне жоспарланған. Тіркелу үшін мына сілтеме бойынша өте аласыз: https://www.korem.kz/rus/press-centr/novosti_kompanii/?cid=0&rid=10867