Жаңалықтар архивы

02 тамыз, 2022
255

Маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілген генерациялау қондырғыларын салу бойынша аукциондарды өткізу кестесіне өзгерістер енгізілді

1 Фото

«ЭҚРҚО» АҚ генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған барлық мүдделі тұлғаларды 2022 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесін өзектендіру туралы хабардар етеді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 27.07.2022 ж. №248 бұйрығымен генерацияның маневрлік режимімен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына аукциондық сауда-саттық өткізу кестесі толықтырылды.
30.09.2022 ж. жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар арасында 550 МВт көлемінде қызмет көрсетуіне  аукциондық сауда-саттық белгіленген.
Барлық сұрақтар бойынша сіз «ЭҚРҚО» АҚ-ға электронды поштаға сұрау жіберіп, хабарлай аласыз vie@korem.kz немесе келесі нөмірлер бойынша: (7172) 649-181, 649-182 (жедел қолдау секторы).