Жаңалықтар архивы

14 шілде, 2022
223

Қазақстан тарихында алғаш рет маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілген генерациялау қондырғыларының құрылысы бойынша аукциондар өткізілді.

2 Фото
2 Фото

2022 жылғы 13 шілдеде ««ЭҚРҚО»» АҚ сауда жүйесінде Қызылорда облысында орналасқан көлемі 240 МВт болатын учаскеде икемді генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілген генерациялау қондырғыларының құрылысы бойынша аукциондар өткізілді.

Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2021 жылы икемді генерацияны құру жобаларын іске асыруға бөлінген инвестицияның кепілді қайтарымы механизмі бекітілді. Қабылданған шаралар алғашқы учаскелерді анықтауға және оларды әлеуетті инвесторларды тартуға дайындауға мүмкіндік берді. Икемді генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілген генерациялау қондырғыларының құрылысы бойынша аукциондар кестесіне сәйкес Қызылорда облысында орналасқан учаскеде бірінші аукцион өтті. Болашақ электр станциясының белгіленген қуаты 240 МВт деп белгіленген.

Аукционға екі компания қатысты.Аукциондардың қорытындысы бойынша алынған қуаттылықтың жалпы көлемі 240 МВт құрады. Аукционның жеңімпазы болып түріктің «Акса Энерджи Уретим Аноним Ширкети» компаниясы танылды.         

      Сауда-саттық барысында аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің баға диапазоны айына 11 612 100 теңгеден 11 591 000 теңге/МВт* аралығында (ҚҚС-сыз) ауытқиды.              

Электр стансасын салудың жоспарланған мерзімі – 3 жыл. Қызылорда құрама циклді зауытының күтілетін іске қосылуы 2025 жыл.