Жаңалықтар архивы

11 шілде, 2022
239

Qazaq Green іскерлік экспедициясы «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне барып, Ақмола облысының жел электр станцияларын аралады.

2 Фото
2 Фото

«ЭҚРҚО» АҚ басшылығы «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне «Qazaq Green» іскерлік экспедициясына қатысты. Шара барысында жасыл энергетиканы дамытудағы өзекті мәселелер бойынша жұмыс сессиялары өткізілді. Семинар келесі тақырыптар бойынша ашық пікірталас түрінде өтті:

-         «Электр энергиясы нарығын теңгеру енгізу аясында екіжақты келісім-шарттар бойынша ЖЭК жобаларын іске асырудың келешегі мен мәселелері»;

-         «ҚР ЭС энергия сақтау жүйесін пайдаланудың техникалық ерекшеліктері».           

Сапар барысында Ақмола облысының екі ірі жел электр стансиясына барды. Қатысушылар жел электр станцияларының құрылысы мен қызмет көрсету жұмыстарының егжей-тегжейлерімен танысты.