Жаңалықтар архивы

09 маусым, 2022
304

2022 жылдың 8 маусымында "Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды маневрлік генерациялау режимімен салу бойынша аукциондық сауда-саттық" тақырыбында аукциондық сауда-саттық бойынша екінші онлайн-вебинар өтті.

1 Фото

Вебинарды ҚР Энергетика министрлігінің, "KAZAKH INVEST" ҰК "АҚ, USAID "Болашақ энергиясы" өңірлік бағдарламасының және "ЖЭК қолдау жөніндегі РФО" ЖШС қолдауымен "КОРЭМ"АҚ ұйымдастырды.

Осы вебинардың мақсаты- Қазақстанда маневрлік генерациялау режимімен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жүйесін түсіндіру.

ҚР ЭМ электр энергетикасын дамыту департаменті директорының орынбасары Дархан Ахметов қатысушылардан көлемі 240 МВт Қызылорда облысында орналасқан алаң бойынша генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін өтініш берушілерден құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 12 маусымнан 2022 жылғы 13 маусымға ауыстырылатынын хабардар етті.
"KAZAKH INVEST" ҰК " АҚ өкілі Лейла Гимранова қатысушыларды компанияның қызметімен және инвестициялық жобаларды дайындау және іске асыру шеңберінде инвесторларды сүйемелдеу тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік жобалар шеңберінде инвесторларға көрсетілетін қолдау шараларымен таныстырды. Сондай-ақ "КОРЭМ" АҚ қызметтерді дамыту және клиенттерді қолдау секторының басшысы Жасұлан Кенжин және

"ЖЭК қолдау жөніндегі РФО" ЖШС өкілдері Әсел Калимова, Замира Ахметова аукциондық сауда-саттықты өткізу процесін түсіндірді және қаржылық қамтамасыз ету түрлеріне, шарттарға, құжаттарды дайындау мерзімдеріне, сондай-ақ есептілікке қатысты мәселелерді ашты.

"КОРЭМ" АҚ біздің қатысушыларға вебинарға қызығушылық танытқаны және белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді!

Серіктестер мен әріптестерге, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне және "ЖЭК қолдау жөніндегі РФО" ЖШС-ға семинарды өткізуге көрсеткен қолдауы және жемісті ынтымақтастығы үшін, сондай-ақ "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ-ға, USAID "Болашақ энергиясы" өңірлік бағдарламасына Осы семинарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

1 және 8 маусымда вебинарлар сессияларына қазақстандық және шетелдік ұйымдардың 180-нен астам қатысушылары қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.