Жаңалықтар архивы

02 маусым, 2022
242

"КОРЭМ" АҚ басшылығы Қазақстанның Тәжікстандағы елшісімен кездесті

1 Фото

Бүгін Душанбеде жұмыс сапары аясында «ЭҚРҚО» АҚ басшысы Қайрат Рахимов Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төрехановпен кездесті.

Кездесуде қатысушылар энергетика мәселелерін, Қазақстан мен Тәжікстанның энергетика саласындағы ынтымақтастығын нығайтуды, электр энергиясын сатып алу-сату саласында өзара тиімді қарым-қатынас орнатуды талқылады.

Қабылдау барысында тараптар энергетика саласын дамытуға бағытталған бірлескен іс-қимылдар аясында өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Нәтижелі кездесу нәтижесінде Тәжікстанның энергетикалық нарығында ЭҚРҚО жұмысының негізгі бағыттары анықталды. Дипломатиялық миссия өкілдері өз кезегінде екі елдің энергетикалық компаниялары өкілдерінің коммуникациясы мен үйлестіруін қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.

2-4 маусым аралығында Тәжікстан астанасында Орталық Азия елдерінің таза энергия көздерін дамыту жөніндегі саммиті, сондай-ақ «Орталық Азия елдеріндегі жаңартылатын энергетиканы дамыту келешегі» тақырыбында өңірлік конференция өтеді. Қатысушылар Орталық Азиядағы жаңартылатын энергияны дамыту перспективалары мен проблемалық мәселелер және «жасыл» экономиканың өзекті бағыттары туралы талқылау және пікір алмасу жүргізеді. «ЭҚРҚО» АҚ басшысы Қайрат Рахимов конференцияның бірінші күні Қазақстанның ЖЭК секторының дамуы туралы баяндама жасайды.