Жаңалықтар архивы

26 мамыр, 2022
293

Құрметті инвесторлар!

1 Фото

Сіздерді "2022 жылға арналған маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттық"тақырыбындағы вебинарға қатысуға шақырамыз.

Вебинар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және АҚ "KAZAKH INVEST" ҰК" бірлесіп, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы "КОРЭМ" АҚ мен "ЖЭКҚ жөніндегі РФО"ЖШС электр қуаты нарығында бірыңғай сатып алушының қатысуымен ұйымдастырылады.
Осы вебинардың мақсаты Қазақстан Республикасында маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жүйесін түсіндіру болып табылады. Вебинар аясында "сұрақтар мен жауаптар"сессиясы да қарастырылған.

Уақыты: 15.00-17.00
Өтетін күні: 1 маусым 2022
Тіркелу үшін: https://us02web.zoom.us/webinar