Жаңалықтар архивы

27 сәуір, 2022
308

Қайрат Рахимов «Электр энергиясы мен қуаты рыногының Қазақстандық операторы» АҚ-ның Басқарма төрағасы болып тағайындалды

1 Фото
Қолданылған материалдар:

Қайрат Рахимов 1985 жылы Теміртау қаласында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Сеулдік ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Қарағанды-Жарық» ЖШС-нде электромонтер болып бастады.

2007-2009 жылдары Табиғи монополияларды реттеу бойынша Агенттігінің басқармаларында жетекші маман, сарапшы болып қызмет атқарған.

2009-2021 жылдары Энергетика министрлігінің бас сарапшысы, Департамент басқармасының бастығы, Департамент директорының орынбасары, Департамент директоры, Вице-министрі болған.