Жаңалықтар архивы

31 желтоқсан, 2021
445

Өндіруші кәсіпорындардағы өндірістік жабдықтың техникалық жағдайын басқарудың және мониторингілеудің пилоттық жүйесін таңдау бойынша өткен конкурс туралы пост-релиз

1 Фото

2021 жылғы 22 желтоқсанда «ЭҚРҚО» АҚ R&D орталығы ынтымақтастық келісімі шеңберінде «Astana Hub» бірлесіп, өндіруші кәсіпорындардағы өндірістік жабдықтың техникалық жағдайын басқару және мониторинг жүйесі конкурсының күндізгі кезеңін өткізді. «Astana Hub» сайтында 12 компания тіркелген, оның ішінде құжаттаманы 7 компания берген. Қатысушылардың міндеті бағдарламалық жасақтама түпүлгілерін таныстыру болды. Конкурстық комиссияның құрамына ҚР Энергетика министрлігі мен «ЭҚРҚО» АҚ өкілдері кірді.

Конкурсқа қатысушылар өз шешімдерін ұсынды, өз түпүлгілерін әзірлеу бойынша сұрақтарға жауап берді.

2021 жылғы 24 желтоқсанда Конкурстық комиссия ұсынылған конкурстық бағаларды ескере отырып, өтінімдер мен презентацияларды қарау нәтижелері бойынша конкурстың қорытындысын шығарды.

Конкурс жеңімпаздары:

1-орын «DataRocks» ЖШС

2-орын «eCapital» ЖШС

3-орын «Faceplate» ЖШС

«ЭҚРҚО» АҚ конкурсты өткізуге ұсынылған алаң үшін «Astana Hub» компаниясына алғыс білдіреді. Конкурстың барлық қатысушыларына конкурс аясында атқарылған жұмыстары мен бастамалары үшін жеке алғыс білдіріледі.