Жаңалықтар архивы

17 қараша, 2021
450

Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапар аясында "КОРЭМ" АҚ Басқарма Төрағасы мен "ИНТЕР РАО-Экспорт" ЖШҚ басшылығының кездесуі

2 Фото
2 Фото

2021 жылғы 11 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «КОРЭМ» АҚ Басқарма Төрағасы И.Б. Нассенұлы мен «ИНТЕР РАО – Экспорт» ЖШҚ ресейлік компаниясы басшылығымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар маневрлік генерация саласындағы жобаларды дамыту бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Бұдан бөлек, «КОРЭМ» АҚ Қазақстан Республикасының энергетикалық секторын декарбонизациялау, орталықсыздандыру және диджитализация жобалары аясында компанияның Технологиялық құзыреттерінің салалық орталығы бастамаларының презентациясын өткізді.

«ИНТЕР РАО – Экспорт» ЖШҚ басшылығы Қазақстан Республикасының электр энергетикалық секторын дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін «КОРЭМ» АҚ-ның мүмкіндіктерін пайдалануға қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша 2022 жылы ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

Ақпараттық анықтама:

«ИНТЕР РАО – Экспорт» ЖШҚ - энергия объектілерін салуды, реконструкциялауды және жөндеуді қоса алғанда, энергетикалық жабдықтарды жеткізу және инжиниринг саласындағы халықаралық бизнесті дамыту үшін 2011 жылы құрылған «Интер РАО» Тобының құрамындағы мамандандырылған компания.