Жаңалықтар архивы

12 қараша, 2021
351

2021 жылғы 12 қарашада белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары

1 Фото

2021 жылғы 12 қарашада өткен белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт КЭС жобаларын іріктеу бойынша Аукцион өтті деп танылды.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 5 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 14 баға ұсыныстарын берді, жобалардың бірыңғай қуаты 20 МВт дейін құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 60 МВт құрады. КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2021 жылы 16,96 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 16,96  -ден 12,87 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша келесі компания жеңімпаз болып анықталды:

«NextEcoEnergy» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 20 МВт, аукциондық бағасы 12,87 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз).

Аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Qazaq Green Қауымдастығы, "KAZENERGY" ЗТБ, USAID, Еуропа Қайта Құру және даму банкінің өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

Анықтамалық:

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 30.07.2021 ж. №251 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу Кестесіне сәйкес 2021 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 200 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:

- күн электр станциялары – 20 МВт;

- жел электр станциялары – 50 МВт;

- гидро электр станциялары – 120 МВт;

- БиоЭС - 10 МВт.

«KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып анықталды.