Жаңалықтар архивы

04 сәуір, 2024
202

«ЭҚРҚО» АҚ энергетика факультетінің түлектеріне арналған жыл сайынғы бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты

2 Фото
2 Фото

2024 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ-да (бұдан әрі - ЖОО) университеттің энергетика факультеті ұйымдастырған «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өтті.

Жәрмеңкені өткізудің мақсаты болашақ түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу болып табылады.

Іс-шараға Астана қаласы мен Ақмола облысының энергетика және жылу энергетикасы саласындағы студенттер, түлектер және әлеуетті жұмыс берушілер қатысты.

Сондай-ақ осы іс-шараға «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ қатысты.

Энергетика факультетінің деканы С.С. Исенов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға көрсеткен қызығушылықтары үшін алғыс айтып, іс-шараның барлық өкілдері мен ұйымдастырушыларын таныстырды.

Өз кезегінде «ЭҚРҚО» АҚ Аналитика және жобаларды басқару департаментінің директоры Абай Мұхтарұлы Шанғытбаев электр энергетикасы саласындағы өзінің үлкен тәжірибесімен бөлісті және компанияның міндеттері, функциялары, электр энергетикасын дамыту және саладағы кадрлық әлеуетті арттыру жобалары үшін құрылатын цифрлық кешенді платформалық шешімдері туралы айтты. Сондай-ақ, Компания қызметкерлерінің көпшілігі жастардан, соның ішінде Агротехникалық университеттің түлектерінен тұратынын атап өтті.

Айта кету керек, 2023 жылы «ЭҚРҚО» АҚ жастар практикасы бойынша практикадан өтуге – 9 практикант қабылданды, оның ішінде Қоғам штатына – 4 қызметкер қабылданды, ҚР Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымына – 1 қызметкер жұмысқа орналастырылды. Сондай–ақ, өзге де (қоғамдық) жұмыстар бойынша – 4 қызметкер қабылданды, олар өздерін оң жағынан көрсете отырып, Қоғам штатына қабылданды.