Жаңалықтар архивы

19 желтоқсан, 2023
417

«ЭҚРҚО» АҚ Қырғыз Республикасынан делегация қабылдады

2 Фото
2 Фото

2023 жылғы 19 желтоқсанда «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ Қырғыз Республикасынан делегация қабылдады.

Құрамында «Қырғыз Энергетикалық Есеп айырысу Орталығы» ААҚ (ҚЭЕО) өкілдері бар Қырғызстаннан келген делегация Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. ҚЭЕО – USAID «Орталық Азияның өңірлік электр энергиясы нарығы» және «Болашақ энергиясы» жобалары шеңберінде Қырғыз Республикасында электр энергиясының ұлттық көтерме сауда нарығын құру жөніндегі тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге және бекітуге қатысады.

«ЭҚРҚО» АҚ қызметкерлері компанияның қазақстандық электр энергиясы нарығындағы рөлі, сауда түрлері, компанияның функциялары, Біріңғай сатып алушы жанындағы электр энергиясының орталықтандырылған сауда - саттығын өткізу жөніндегі сауда алаңы, сондай-ақ ағымдағы жылы енгізілген жаңа функция-электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығы туралы туралы айтты. Сауда жүйесімен таныстырды

Кездесу барысында Нарықты және сауда жүйесін дамыту жөніндегі Басқарушы директор Ержан Мәдиев электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының тариф белгіленуі және ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда саттық туралы толығырақ айтып берді.

Кездесу соңында Қырғыз Республикасының өкілдері уақыт бөлгені үшін алғыстарын білдірді.