Жаңалықтар архивы

04 желтоқсан, 2023
321

«ЭҚРҚО» АҚ-да жаңадан қабылданған қызметкерлерді ішкі нормативтік құжаттармен таныстырды

1 Фото

2023 жылғы 30 қарашада «ЭҚРҚО» АҚ-да жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін ішкі нормативтік құжаттармен, атап айтқанда, еңбек тәртібі ережелерімен және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жүргізу бойынша семинар өткізілді.

Семинарды кадр қызметі комплаенс-офицермен бірлесіп онлайн-форматта, бейнеконференцбайланыс арқылы өткізді.

Семинар барысында бас менеджер-кадр қызметінің басшысы Алтынай Өмірзақова қолданыстағы Еңбек тәртібі ережелерінің және Қоғамның өзге де нормативтік-құқықтық құжаттарының мазмұнымен егжей-тегжейлі таныстырды. Сондай-ақ, жұмыс сапасын арттыруды ынталандыру үшін қолданылатын мотивацияның нысандары мен тәсілдерін атап өтті.

«Еңбек тәртібінің ережелерін дұрыс әзірлеу және нақты сипаттау болашақта жұмыстағы даулы мәселелер мен жағдайларды шешуде және еңбек тәртібін бұзған кезде жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы түсініспеушіліктен аулақ болуға мүмкіндік береді», - өз сөзінің соңында кадр қызметінің қызметкері атап өтті.

Өз кезегінде Комплаенс-офицер Болат Баймұратұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы хабардар етті. Ол теріс қылықтар, құпия ақпарат, сыбайлас жемқорлық және мүдделер қақтығысы деген не екенін айтты. Жоғарыда аталған ішкі нормативтік құжаттар Қоғамның ресми сайттында, комплаенс-офицердің блогында орналастырылғанын атап өтті. Семинар соңында комплаенс-офицер Қоғамның ресми сайтында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бірыңғай жедел желісі, компанияда орнатылған сенім жәшігі туралы және 1424 нөмірі (қоңырау шалу тегін) бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің колл-орталығына жүгінудің қолжетімділігі туралы ақпарат орналастырылғанын атап өтті.