Жаңалықтар архивы

29 қараша, 2023
127

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен «ЭҚРҚО» АҚ-ға келді

4 Фото
4 Фото
4 Фото
4 Фото

2023 жылғы 29 қарашада «ЭҚРҚО» АҚ-да Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті мүшелерінің көшпелі отырысы Комитет Төрағасы Алдашев Суиндик Тасеменовичтің басшылығымен өтті. Жұмыс кездесуі «ЭҚРҚО» АҚ қызметін таныстыру мақсатында болды.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдері, «KEGOC» АҚ, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС басшылығы қатысты.

«ЭҚРҚО» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Рахимов электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы жанындағы компанияның функционалдығын таныстырып, электр энергиясының теңгерімдеуші Нарығының жұмыс істеуі туралы айтты.

Кездесу барысында «ЭҚРҚО» АҚ сауда жүйесінің нақты режимінде ағымдағы жылдың 30 қарашасына электр энергиясын жеткізумен электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді.

Өз кезегінде сенаторлар қойылған барлық сұрақтарға жауап алды.