Жаңалықтар архивы

08 қараша, 2023
168

«ЭҚРҚО» АҚ электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізу туралы хабарлайды

1 Фото

«Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ энергия өндіруші ұйымдарды 2023 жылғы 17 және 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің аймақтары бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысуға шақырады.

2023 жылғы 17 қарашада сағат 10:00-ден (Астана қ. уақыты бойынша) «Солтүстік-Оңтүстік» электр беру желісінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.

2023 жылғы 20 қарашада ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілетін болады:

- сағат 10:00-ден (Астана қ. уақыты бойынша)  ҚР БЭЖ Батыс аймағы Маңғыстау Энергия торабына қарай электр беру желісінің өткізу қабілетін ескере отырып, Маңғыстау облысы бойынша;

- сағат 16:00-ден (Астана қ. уақыты бойынша) Батыс Қазақстан Энерго торабына қарай электр беру желісінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бойынша бірлескен сауда-саттық.

Сонымен қатар, электр қуатының дайындығын қолдау бойынша қызметтерге 1065 мың теңге / МВт*ай дейін ұлғайтылған шекті тариф туралы ақпарат  (Қазақстан Республикасының Энергетика министрімен 2023 жылғы 23 қазанда бекітілген «Электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметке шекті тарифтерді бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі №465 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 376 бұйрық).

 

Барлық сұрақтар бойынша келесі нөмірлерге хабарласуға болады: 8 (7172) 982-941, 982-942

Шарттар жасасу мәселелері бойынша: 8 (7172) 982-945, 982-947

 

2023 жылғы электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу кестесі