Жаңалықтар архивы

03 қараша, 2023
156

«ЭҚРҚО» АҚ-да француздық Total Energies компаниясының өкілдерімен кездесу өтті

1 Фото

2023 жылғы 3 қарашада «ЭҚРҚО» АҚ алаңында француздық Total Energies компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. 

Total Energies – әлемдегі ең ірі мұнай-газ компанияларының бірі. Экологиялық таза энергия түрлерін: күн энергиясын және биоотынды пайдалануды белсенді дамытуда. Total energies Renewables Kazakhstan құрамына кіретін «М-Кат Грин», «Номад Солар» компаниясының өкілдері жұмыс сапарымен «ЭҚРҚО» АҚ кеңсесіне барды.

Кездесудің мақсаты – үшжақты шарт жасасу рәсімдері бөлігінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу мәселелерін талқылау.

Өз кезегінде электр энергиясы нарығын теңгерімдейтін есеп айырысу орталығының басшылығы мен қызметкерлері Қазақстанның электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы ЖЭК объектілерінің жұмыс механизміне қатысты ақпарат берді.