Жаңалықтар архивы

03 қараша, 2023
170

«ЭҚРҚО» АҚ ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылар үшін сауда жүйесіндегі жұмыс бойынша нұсқаулық өткізу кестесі туралы хабарлайды

1 Фото

«ЭҚРҚО» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы бола отырып, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады, Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар үшін сауда жүйесіндегі жұмыс бойынша нұсқама жүргізу кестесі туралы хабарлайды

 

Сауда жүйесіндегі жұмыс бойынша нұсқама жүргізу кестесі

Қашықтықтан оқытуды

өткізу күні

Оқу уақыты

 (Астана қ. уақыты бойынша)

6 - 10 қараша 2023 жыл

12:00 - 13:00сағ..

13 - 17 қараша 2023 жыл

11:00 - 12:00сағ.

20 - 23 қараша 2023 жыл

11:00 - 12:00сағ.

 

  • 15 минут - тақырып бойынша нұсқаулық: «Интернет-ресурсты пайдалана отырып, Сауда жүйесінде жұмыс істеу»;
  • 45 минут - Интернет-ресурсты пайдалана отырып, Сауда жүйесінде жұмыс істеу бойынша практикалық сабақтар.

 ҚР Энергетика министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген 2023 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасында ЖЭС, ГЭС, КЭС және БиоЭС салуға жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық ағымдағы жылдың 13-30 қарашасы аралығында өтеді.

Аукциондық сауда саттықты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқауларға сәйкес Ұйымдастырушыдан оқу үшін өтініш берушіге:

1) Ұйымдастырушымен шарт жасасу және оның қызметіне ақы төлеу;

2) оқу Кестесінен оқу уақыты мен күнін таңдау;

3) Ұйымдастырушыға өтініш нысанын және нұсқамаға жіберілетін өтініш берушінің қызметкерлерінің тізімін жіберу;

Ұйымдастырушы аукциондық сауда саттықты өткізу басталғанға дейін 5 жұмыс күні бұрын оқуды өткізуді тоқтатады.

 

Қосымша ақпарат алу үшін телефон арқылы хабарласыңыз: 8 (7172) 98-29-65