Жаңалықтар архивы

30 қазан, 2023
215

«ЭҚРҚО» АҚ Комплаенс-офицері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерімен таныстырды

2 Фото
2 Фото

2023 жылғы 27 қазанда «ЭҚРҚО» АҚ Комплаенс-офицері Булат Баймұратұлы, Қоғам қызметкерлерін 2022 жылғы II жартыжылдық және 2023 жылғы I жартыжылдық кезеңіндегі «ЭҚРҚО» АҚ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтамамен таныстырды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы «19» қарашадағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы «30» желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарына, «ЭҚРҚО» АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарына және Қоғам Басқармасы Төрағасының міндетін атқарушының 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 101-ОД бұйрығына сәйкес өткізілді.

Қоғам қызметінің талданған кезеңі 2022 жылғы II жартыжылдық және 2023 жылғы I жартыжылдық.

Кездесу барысында Булат Баймұратұлы бар тәуекелдер мен оларды жою жөніндегі қажетті шаралар туралы атап өтті.

Семинар соңында, 2023 жылғы 15 қыркүйектен бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2023 жылғы 29 тамыздағы бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін (көрсеткен) адамдарды көтермелеу қағидалары күшіне енгенін атап өтті.