Жаңалықтар архивы

25 қазан, 2023
186

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЖЭК аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар үшін сауда жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқыту

1 Фото

«ЭҚРҚО» АҚ аукциондық сауда саттыққа қатысушылар үшін жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша сауда жүйесіндегі жұмыс бойынша оқыту семинарларын өткізуді жоспарлайды.

Энергетика министрінің м. а. 2017 жылғы 7 тамыздағы №280 «ЭҚРҚО» АҚ бұйрығымен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы және өткізуді жүзеге асыратын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып айқындалған.

ҚР Энергетика министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген 2023 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасында ЖЭС, СЭС, СЭС және БиоЭС салуға жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық ағымдағы жылдың 13-30 қарашасы аралығында өтетінін еске саламыз.

2023 жылы жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жаңа объектілер салу жөніндегі жобаларды іріктеуге бағытталған аукциондық сауда-саттықты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында аукциондық сауда саттыққа қатысушылар үшін алдағы оқыту семинарлары ағымдағы жылдың 26 қазанында өтеді.

 

Қосымша ақпарат алу үшін телефон арқылы хабарласыңыз: 8 (7172) 98-29-65