Жаңалықтар архивы

24 қазан, 2023
156

«ЭҚРҚО» АҚ-да Қытай делегациясымен кездесу өтті

3 Фото
3 Фото
3 Фото

2023 жылғы 18 қазанда «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ Қытайлық Goldwind компаниясының делегациясын қабылдады.

Goldwind (Қытай Халық Республикасы) – әлемдік жел энергетикасының көшбасшысы, Қазақстандағы жобалық ынтымақтастық перспективасына үлкен мән береді. Делегация жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған әлеуетті ынтымақтастықты жолға қою мақсатында Қазақстанға ресми сапармен келді.

Кездесу барысында «ЭҚРҚО» АҚ алаңында Goldwind компаниясының өкілдері компанияның қызметі туралы қысқаша айтып, өз өнімдерінің бірі – цифрлық технологияларды біріктіретін жел турбиналарын таныстырды.

Тараптар, жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы Қазақстан-Қытай қатынастарын дамыту перспективаларын талқылады.