Жаңалықтар архивы

20 қазан, 2023
179

«ЭҚРҚО» АҚ қызметкерлері KAZAKH INVEST алаңында Қазақстанда ЖЭК аукциондық сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу бойынша вебинар өткізді

2 Фото
2 Фото

2023 жылғы 17 қазанда «2023 жылы жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық» тақырыбында вебинар өтті.

Вебинар ҚР Энергетика министрлігінің, «ЖЭК қолдау жөніндегі қаржы есеп-айырысу орталығы» ЖШС, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және «ЭҚРҚО» АҚ бірлескен қатысуымен ұйымдастырылды. Вебинарға 70 тен астам тыңдаушы қатысты.

Уәкілетті орган, «ЭҚРҚО» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыратын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып айқындалды.

Вебинарды өткізу мақсаты, жаңартылатын энергия көздерін салуға арналған жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысу, сүйемелдеу және өткізу бойынша мәселелерді түсіндіру болып табылады.

Вебинар модераторы «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ Аналитика және жобаларды басқару департаментінің директоры Абай Шангитбаев құттықтау сөз сөйледі.

Вебинар бағдарламасы бойынша төрт баяндама таныстырылды:

- Қазақстан Республикасында ЖЭК дамыту: көрсеткіштер мен перспективалар (ҚР Энергетика министрлігі);

- Аукциондық сауда-саттық: Жаңартылатын энергия көздері («ЭҚРҚО» АҚ);

- ЖЭК аукциондық саудаларын қаржылық қамтамасыз ету («ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕАО» ЖШС);

- ЖЭК басым салалар қатарында. Инвестициялық преференцияларды алу мүмкіндіктері («KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ).

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздерін дамыту департаментінің Басқарма басшысы Сұлтан Дүкенбаев баяндама жасады. Ол энергетика саласындағы ағымдағы ахуал туралы, Қазақстан Республикасында ЖЭК-ді дамытудың алдағы жоспарлары мен пайымдары туралы қысқаша талқылады.

Сұлтан Дүкенбаев өз сөзінде климаттық күн тәртібі бүкіл әлем бойынша энергетика саласы үшін маңызды сын-қатерлердің біріне айналатынын атап өтті. Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі өршіл мақсаттар, эмиссияны шектеу жөніндегі регламенттер мен шараларды қатаңдату қазірдің өзінде көптеген елдердің, соның ішінде Қазақстанның бүкіл отын-энергетикалық кешеніне айтарлықтай әсер етуде.

«ЭҚРҚО» АҚ секторының бас менеджері – басшысы Александр Тен «Аукциондық сауда-саттық: жаңартылатын энергия көздері» тақырыбында презентация жасады.

Александр Тен өзінің баяндамасын Қазақстандағы ЖЭК даму тарихынан, сауда жүйесінде тіркеу рәсімі туралы бастады, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттық кестесіне толығырақ тоқтады және 13 қарашадан бастап қатысуға тіркеу қазір ашық аукциондық сауда-саттықты өткізу жалғасып жатқанын еске салды. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушы мәртебесін алған компаниялар сауда-саттықты ұйымдастырушыдан сауда жүйесінде жұмыс істеу бойынша оқудан өтуі мүмкін екенін атап өтті.

«ЖЭК қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС ЖЭК бөлімінің бас менеджері Үсенов Руфат аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың қаржылық қамтамасыз етуді енгізу қажеттілігі, олардың түрлері, қайтару, ұстап қалу шарттары туралы хабардар етті және шарт тараптарының негізгі міндеттерін (РРА) белгіледі.

Вебинар модераторы Абай Шангитбаев толықтырды: «Аукцион басталар алдында конверт ашылады, ол сауда-саттықты ұйымдастырушыларға «ЖЭК қолдау жөніндегі ҚЕАО» ЖШС-тен келіп түседі, онда шартты қаржылық қамтамасыз етуді енгізген барлық қатысушылар көрсетіледі. Егер қатысушы қаржылық қамтамасыз етуді енгізбесе және осы тізімге кірмесе, онда сауда-саттыққа жол берілмейді».  

«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ жобалық менеджері Гимранова Лейла өз сөзінде Қазақстандағы инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау және қолда бар инвестициялық преференциялар туралы бөлісті.   

Бейнеконференцбайланысқа қатысушылар сессияға белсенді қатысып, барлық сұрақтарға түсіндірме жауаптар алды. Сондай-ақ, семинар өте пайдалы және мазмұнды болғанын атап өтті.