Жаңалықтар архивы

18 қазан, 2023
253

Бірыңғай сатып алушы мен Теңгерімдеуші нарықтың қазақстандық моделі «Қазақстан Республикасындағы электр энергетикасы саласын цифрландыру және реформалау» II Ұлттық семинары шеңберінде талқыланды

5 Фото
5 Фото
5 Фото
5 Фото
5 Фото

2023 жылғы 16-17 қазанда Astana Hub IT-стартап халықаралық технопаркінің алаңында инновациялар, энергетика секторын цифрлық трансформациялау және электр энергиясы нарығын дамыту саласындағы әлеуетті арттыру бойынша саланың үздік халықаралық және отандық сарапшыларын біріктірген алаң – «Қазақстан Республикасындағы электр энергетикасы саласын цифрландыру және реформалау» II Ұлттық семинары өтті.

Ұлттық семинар ұйымдастырушылары Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және Әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ болды. 

Ұлттық семинар аясында «Көтерме нарықтың жаңа моделі және жұмыс істеудің алғашқы қорытындылары» атты панельдік сессия өтті. Сессияны модератор – «Қазақстандық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Сергей Агафонов ашты. «ЭҚРҚО» АҚ Басқарушы директоры Ержан Мәдиев, «KEGOC» АҚ «ЖО ҰДО» филиалы Баланстар және қысқа мерзімді жоспарлау қызметі бастығының Орынбасары Джамиля Шахманова, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС Электр энергиясы нарығы департаментінің директоры Әсел Қалимова спикерлері сөз сөйледі.

Панельдік сессияда тақырыптар бойынша баяндамалар ұсынылды:

1) Теңгерімдеуші нарықта есеп айырысуды ұйымдастыру («ЭҚРҚО» АҚ);

2) Тәуліктік кестені және өндірістің/тұтынудың нақты теңгерімін қалыптастыру («KEGOC» АҚ);

3) Көтерме нарықта бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алуды сатуын ұйымдастыру («ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС).   

Панельдік талқылау барысында көтерме сауда нарығы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жұмысының жаңа моделі енгізілген сәттен бастап туындайтын өзекті мәселелер талқыланды. Талқылауға Нидерландыдан келген шетелдік спикер, Класс Хомс мырза қатысты. Ол Еуропадағы электр энергиясы нарығы моделінің жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті және теңгерімдеуші нарықта реттеушілік араласу тетігін қолдану қажеттілігіне қатысты өзінің сараптамалық пікірін білдірді. Осы және көптеген маңызды мәселелер Еуропа тәжірибесіне арналған қызықты панельдік пікірталас барысында талқыланды.

Модератор талқылау соңында сессияның жеткілікті танымдық және пайдалы өткенін атап өтіп, спикерлерге, панельдік сессияға қатысушыларға және іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.