Жаңалықтар архивы

14 қазан, 2023
186

17 қазанда ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу туралы онлайн-семинар өтеді

1 Фото

«ЭҚРҚО» АҚ Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін салуға арналған жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу туралв онлайн-семинар өткізуді жоспарлап отыр.

Энергетика министрінің м.а. 2017 жылғы 7 тамыздағы №280 бұйрығымен «ЭҚРҚО» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып белгіленді.

ҚР Энергетика министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген 2023 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес республикада ЖЭС, ГЭС, КЭС және БиоЭС құрылысына жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық ағымдағы жылдың 13-30 қарашасы аралығында өтеді.

Семинарды өткізу күні: 17 қазан 2023 жыл

Өткізу уақыты: 11.00 сағ. (Астана уақыты бойынша)

Семинардың мақсаты - жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысу, сүйемелдеу және өткізу бойынша мәселелерді түсіндіру.

Мақсатты аудитория - ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттықтың әлеуетті қатысушылары.

Семинар бағдарламасы

 

р/с

Баяндамашы ұйымының атауы

Баяндамашының ТАӘ және лауазымы

Баяндама тақырыбы

1

ҚР Энергетика министрлігінің ЖЭК дамыту департаменті

Дукенбаев Султан Талгатович,

Басқарма басшысы

Қазақстан Республикасында ЖЭК дамыту: Көрсеткіштер мен перспективалар

2

«ЭҚРҚО» АҚ

Тен Александр Леонидович,

Бас менеджер –

сектор басшысы

Аукциондық сауда-саттық: Жаңартылатын энергия көздері.

3

«ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС

Усенов Руфат Талгатович,

ЖЭК бөлімінің бас менеджері

ЖЭК аукциондық саудаларын қаржылық қамтамасыз ету

4

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ

Гимранова Лейла

Жоба менеджері

ЖЭК басым салалар қатарында. Инвестициялық преференцияларды алу мүмкіндіктері

5

Сұрақ-жауап сессиясы

Семинар ZOOM онлайн-конференциясы форматында өтеді. Сілтеме бойынша бейне байланысқа қол жеткізу: https://us02web.zoom.us/webinar/register/WN_dF1WvMp1TvOkkygk0R5u9A     

Байланыс телефоны: 8 (7172) 98-29-65