Жаңалықтар архивы

11 қазан, 2023
161

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары жұмыс сапарымен «ЭҚРҚО» АҚ алаңына келді

4 Фото
4 Фото
4 Фото
4 Фото

2023 жылғы 11 қазанда VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттар тобы жұмыс сапарымен «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ-ға келді.

«ЭҚРҚО» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Рахимов «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау шеңберінде Қоғам әзірлеп жатқан электр энергетикасы саласының жұмысына мониторинг жүргізудің цифрлық шешімінің жұмыс нұсқасымен таныстырды.

Қайрат Рахимов энергетиканың цифрлық платформасы жұмысының функционалдығын көрсетті, жүргізілген техникалық аудит нәтижелері бойынша цифрлық талдаумен таныстырды, сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың қызметіне уәкілетті орган тарапынан жоспарланған мониторинг туралы айтты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы депутаттық топтың атынан энергетиканың цифрлық платформасын іске асыруға және енгізуге қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ, кездесуге ҚР Энергетика министрлігінің, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС өкілдері қатысты.