Жаңалықтар архивы

28 қыркүйек, 2023
135

«ЭҚРҚО» АҚ алаңында электр энергиясын жинақтаудың жаңа технологиясының жобасы таныстырылды

1 Фото

28 қыркүйекте «ЭҚРҚО» АҚ салалық технологиялық құзыреттер орталығының базасында Гравиент компаниясы электр энергиясын гравитациялық жинақтаудың жаңа технологиясының жобасын таныстырды.

Кездесуге ҚР Энергетика министрлігінің, «KEGOC» АҚ, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «KazEnergy» ЗТБ өкілдері және ҚР Электр энергетикасы нарығының басқа да өкілдері қатысты.

«Гравиент» ЖШС - электр энергиясын жинақтаудың жаңа технологиялары саласында әзірлемелерді жүзеге асыратын «Астана Хаб» технопаркінің резиденті-қазақстандық компания.

Гравиент жетекшісі электр энергиясын гравитациялық сақтау технологиясының пилоттық жобасымен таныстырды. Жоба - роботтандырылған құрылыс технологиясы бойынша салынған, қуаты 7.5 МВт, сыйымдылығы 7.9 МВт сағ көп қабатты ғимараттың моделі. Тиімділіктің деңгейі жоғары және қызмет ету мерзімі 50 жыл немесе одан да көп.

Ұсынылған технология отандық әзірлеуге негізделген инновациялық болып табылады және жаңартылатын энергия көздері үлесінің өсуін ескере отырып, Қазақстанның энергия жүйесінің сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді көздейді.

Нәтижесінде кездесуге қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, қызығушылық танытқан сұрақтарды белсенді түрде қойып, жобаның оң және теріс жақтарын талқылады.