Жаңалықтар архивы

05 қыркүйек, 2023
201

«ЭҚРҚО» АҚ комплаенс-офицері қызметкерлерді іскерлік әдеп Кодексімен таныстырды

1 Фото

Корпоративтік мәдениетті дамыту және іскерлік мінез-құлық практикасын қолдану арқылы мүдделі тұлғалармен тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында комплаенс-офицер Баймуратулы Булат «ЭҚРҚО» АҚ қызметкерлері үшін «Іскерлік әдеп кодексі» тақырыбында семинар өткізді.

Комплаенс-офицер семинар барысында Қоғам қызметін негізін қалыптастырушы негізгі корпоративтік құндылықтар әдептілік, сенімділік, кәсібилік, адалдық, әділдік, шыншылдық, ашықтық, жауапкершілік, құрмет және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік болып табылатынын атап өтті.

Кодекс нормаларын сақтау қоғамның барлық лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері үшін міндетті болып табылады. Кодекс нормаларын бұзу белгіленген тәртіппен жауаптылыққа әкеп соғады.

Семинар соңында Баймуратулы Булат туындаған барлық сұрақтарға жауап берді.