Жаңалықтар архивы

31 тамыз, 2023
1004

Гидро электр станциясы жобаларын таңдау бойынша аукциондағы баға екі есе төмендеді

1 Фото

2023 жылғы 31 тамызда жиынтық белгіленген қуаты 20 МВт гидро электр станцияларының жобаларын іріктеу бойынша ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары үшін ЖЭК бойынша аукциондық сауда саттықтың бірінші күні өтті.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2023 жылы 41,23 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 15 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 100 бағалық ұсыныс берілді. Аукционға қатысушылар арасындағы бәсекелестік күрес барысында өтінімдердің баға диапазоны 41,23 теңгеден 17,5 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін төмендетілді.

Ағымдағы жылдың аукционында гидро электр станцияларын салу жобаларын таңдау бойынша шекті аукциондық бағадан рекордтық баға 57,5%-ға төмендегені атап өтілді.

Аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша жеңімпаз болып келесі ұйымдар анықталды:

  • «Бекзат» ЖШС жобаның бекітілген қуаты 4,8 МВт, аукциондық бағасы 17,5 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «DALA SOLAR» ЖШС жобаның бекітілген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 17,51 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «DALA SOLAR» ЖШС жобаның бекітілген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 17,52 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «DALA SOLAR» ЖШС жобаның бекітілген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 17,53 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «DALA SOLAR» ЖШС жобаның бекітілген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 17,54 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «DALA SOLAR» ЖШС жобаның бекітілген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 17,55 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
  • «FTR Green LTD» ЖШС жобаның бекітілген қуаты 4,5 МВт, аукциондық бағасы 17,8 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз).

Аукциондарды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сай талаптарын сақтау мақсатында бақылаушылар ретінде «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ, «Qazaq Green» ЖЭК Қауымдастығы» ЗТБ, Азия даму банкінің, USAID өкілдері қатысты.

Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтеді.

Жиынтық қуаты 200 МВт гидро электр станциясының жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2023 жылдың 1 қыркүйегіне сағат 14-00-ге тағайындалды.

Аукциондық сауда-саттық жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған.

Ережеге сәйкес аукциондық сауда-саттық кестесі қалыптастырды.

Фото: ашық дереккөздерден