Жаңалықтар архивы

27 шілде, 2023
252

«ЭҚРҚО» АҚ-да бастапқы декларацияны (250.00-нысан) толтыру және тапсыру бойынша оқыту семинары өтті

1 Фото

2023 жылдың 26 шілдесінде «ЭҚРҚО» АҚ алаңында комплаенс-офицер Баймұратұлы Болат бастапқы декларацияны (250.00-нысан) толтыру және тапсыру бойынша оқыту семинарын өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың II кезеңі басталды. Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметкерлерінің және олардың жұбайларының декларацияны міндетті түрде беруін білдіреді.

Семинар барысында комплаенс-офицер Салық кодексінің 632-бабының 1-тармағына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны қағаз жеткізгіште беру мерзімі 2023 жылғы 15 Шілдеде аяқталғанын, ал электрондық түрде беру 15 қыркүйекте аяқталатынын еске салды.

Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі шеңберінде активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынуға міндетті тұлғаларды толық қамту, сондай-ақ осы тұлғалардың салық заңнамасының нормаларын бұзуын болдырмау және табыс етілетін салық есептілігі нысандарының үлкен ағынына байланысты бағдарламалардың ықтимал техникалық іркілістерін болдырмау мақсатында Қоғамның комплаенс-офицері декларацияларды жақын арада тапсыруға кеңес береді. Декларацияны толтыру кезінде жиі жіберілетін қателіктер туралы айтты.

Семинар соңында, Болат Баймұратұлы Қоғамның жаңадан қабылданған қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ішкі құжаттармен, Қоғам Этикасы кодексімен және құпия ақпарат тізбесімен таныстырды.