Жаңалықтар архивы

21 шілде, 2023
264

«ЭҚРҚО» АҚ-да 2023 жылғы 25 шілдеде Қазақстанда ГЭС құрылысына аукциондық сауда-саттық бойынша семинар өтеді

1 Фото

2023 жылғы 25 шілдеде сағат 11:00-де (Астана уақыты бойынша) гибридті форматта «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ USAID «Орталық Азия энергетикасы» жобасының қолдауымен «Қазақстанда гидроэлектростанциялар құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық» тақырыбында семинар өткізеді.

Семинар орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді болады.

Семинар бағдарламасы

№ рс

Баяндама тақырыбы

Баяндамашы

Ұйымның атауы

1

Қазақстан Республикасында ЖЭК дамыту: көрсеткіштер мен перспективалар 

(регламент – 5 минутқа дейін)

Дукенбаев С.Т.

Басқарма басшысы

ҚР Энергетика министрлігі, ЖЭК дамыту департаменті

2

Аукциондық сауда-саттық: Жаңартылатын энергия көздері 

(регламент – 5 минутқа дейін)

Тен А.Л.

Бас менеджер – сектор басшысы

«ЭҚРҚО» АҚ

3

ЖЭК аукциондық саудаларын қаржылық қамтамасыз ету 

(регламент – 5 минутқа дейін)

Усенов Р.Т.

ЖЭК бөлімінің бас менеджері

«ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС

4

ЖЭК басым салалар қатарында. Инвестициялық преференцияларды алу мүмкіндіктері

(регламент – 5 минутқа дейін)

Гимранова Л.

Жоба менеджері

«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ

5

Сессия: сұрақ-жауап (регламент – 45 минутқа дейін)

 

Сілтеме бойынша бейне байланысқа қол жеткізу:

https://us02web.zoom.us/j/82229036421?pwd=b0JpTmdqSm50ekpWd0tISU5tTUZrZz09

Конференция идентификаторы: 822 2903 6421

Кіру коды: 677684

Офлайн режимде (жеке) қатысуға ниет білдірушілер үшін электрондық мекенжай бойынша тіркеуден өтуіңізді сұраймыз (ұйымның атауын, аты-жөнін, байланыс деректерін көрсете отырып): kenzhegalieva@korem.kz

Мерзімде: 2023 жылғы 24 шілде сағат 15.00 (Астана уақыты бойынша)

Өткізу мекенжайы: Астана қ., Сығанақ к-сі, 70, 2 қабат (конференц-зал)

Байланыс нөмірі: 8 (7172) 982-965 Кенжеғалиева Зиза Елжанқызы

 

Тақырып бойынша мақала:

https://www.korem.kz/kaz/press-centr/novosti_kompanii/?cid=0&rid=11438