Жаңалықтар архивы

14 шілде, 2023
214

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қазақстанда СЭС құрылысына ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукцион сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу ашылды

1 Фото

«Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ Қазақстанда су электр станциялар (СЭС) құрылысына жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) жобаларын іріктеу бойынша аукцион сауда-саттыққа әлеуетті қатысушыларды тіркеудің басталғаны туралы хабарлайды.

ҚР Энергетика министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген 2023 жылға арналған аукцион сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес, 2023 жылы Қазақстанда СЭС құрылысына ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукцион сауда-саттық: 31 тамыз, 1 қыркүйек және 22 қарашада өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 25 шілдесінде Қазақстан Республикасында СЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукцион сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша онлайн-семинар өткізу жоспарлануда.

Тіркеу, 31.08.2023 ж. өткізілетін сауда-саттық үшін -  2023 жылдың 23 тамызына дейін  ашық

Тіркеу, 01.09.2023 ж. өткізілетін сауда-саттық үшін  - 2023 жылғы 24 тамызға дейін ашық

ЖЭК бойынша аукциондық сауда саттыққа қатысты барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша келесі байланыс деректерге хабарласыныз: + 7 (7172) 982-965.