Жаңалықтар архивы

13 шілде, 2023
352

«ЭҚРҚО» АҚ 2023 жылғы 25 шілдеде СЭС құрылысына арналған аукциондық сауда-саттық бойынша онлайн-семинар өткізілетіні туралы хабарлайды

1 Фото

«ЭҚРҚО» АҚ Қазақстан Республикасында СЭС құрылысына арналған жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша онлайн-семинар өткізуді жоспарлап отыр.

2017 жылғы 7 тамыздағы №280 Энергетика министрінің м.а. бұйрығымен «ЭҚРҚО» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыратын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып айқындалды.

2023 жылғы 23 мамырдағы № 187 ҚР Энергетика министрінің бұйрығымен бекітілген 2023 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес, Қазақстан Республикасында гидроэлектростанциялар құрылысына арналған жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық 2023 жылы: 31 Тамызда, 1 қыркүйекте және 22 қарашада өтеді.

Семинарды өткізу күні: 2023 жылғы 25 шілде

Өткізу уақыты: 11.00 сағ. (Астана уақыты бойынша)

Семинардың мақсаты - СЭС құрылысына арналған ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысу, сүйемелдеу және өткізу бойынша мәселелерді түсіндіру.

Мақсатты аудитория - ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттықтың әлеуетті қатысушылары.

Семинар бағдарламасы:

  • Қазақстанда ЖЭК құрылысы бойынша жобаларды іске асыру;
  • ЖЭК-тің 2023 жылға арналған аукциондық сауда-саттық кестесі;
  • ЖЭК аукциондық сауда саттықтарына қатысу үшін Ұйымдастырушының сауда жүйесінде тіркеу;
  • Сауда сессиялары туралы;
  • ЖЭК аукциондық сауда-саттық жүйесінде бағаларға өтінімдер беру;
  • Аукцион бағаларын есептеу;
  • Аукциондық сауда-саттық қорытындылары және аукцион жеңімпаздарының одан әрі іс-қимылдары;
  • ЖЭК аукциондарының әлеуетті қатысушылары үшін «Сауда жүйесіндегі жұмыс» оқудан өту мүмкіндіктері туралы.

 Семинар ZOOM онлайн-конференциясы форматында өтеді. Келесі сілтеме бойынша, бейне байланысқа қол жеткізу болады.

 Конференция идентификаторы: 822 2903 6421

 Кіру коды: 677684

 Анықтама телефоны: 8 (7172) 98-29-65